Оқу құралы. — Өскемен: Берел, 2019. — 136 б.
Оқу құралындабілім алушыларда мәліметтер базасының теориялық негіздемесі, практикалық дағдылар қалыптасуы көзделген. IT-саласындағы мамандарды даярлауда мәліметтер базасымен жұмыс жасай алу маңызды құзіреттіліктер қатарында. Заманауи мәліметтер базасын қолдайтын есептерде кездесетін мәселелердің интеллектуалды іздестіру технологиялар негізінде алынатын шешімдері берілген.
Оқу құралы 2018 ж. енгізілген жаңа білім беру бағдарламалар классификаторы құрамындағы «6B061 — Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бакалавриат бағытына кіргізілген мамандықтардың дайындық мазмұнына сәйкес келеді, ал кейбір қосымша тарауларында «7М061 — Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» магистратура бағытында мамандардың құзыреттілігін қамтитін сұрақтар талқыланған.