Оқу құралы. — Орал: Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, 2017. — 108 б.
JavaScript тілі HTML/CSS тілдерінің жалғасы ретінде web парақтардың интерактивтілігін арттыру мақсатында оқытылады. Курста теориямен қоса көптеген практикалық сабақтар өтізіледі.
Оқу құралы «Web-технологиялары» пәнінің типтік бағдарламасы талаптарына сәйкес құрастырылған және курстың барлық тақырыптары бойынша зертханалық жұмыстарды орындау үшін қажет мәліметтерді қамтиды.
Оқу құралы кредиттік технология негізінде оқитын 5В070300 — «Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенттеріне арналған.