Оқу құралы. — Алматы: Қазақ университеті, 2013. — 136 б.
Оқу құралында исламдағы сүнниттік мектептердің ішіндегі кең тараған жəне соның ішінде Қазақстан мұсылмандары да ұстанатын Ханафи мазһабының негіздері жан-жақты қарастырылған. Сондай-ақ исламдағы ағымға бөлінудің себептері мен алғашқы кезеңде пайда болған діни-саяси ағымдарға дінтанулық талдау жасалған.
Оқу құралы дінтанушы, исламтанушы, теолог мамандарға, студенттерге, магистранттарға жəне PhD докторанттарға, мемлекеттік қызметкерлер мен жалпы дін мəселесіне қызығушылық танытатын көпшілікке арналған.