Оқу-әдістемелік құрал. — Қызылорда, 2018. — 102 бет. — ISBN: 978-601-7201-45-6.
Оқу-әдістемелік құралда орта мектептің жоғары сынып оқушылары үшін коммуникативтік біліктілігін дамытуға негізделген түрлі стильдегі танымдық, тәрбиелік мәні бар мәтіндермен жұмыс түрлері қамтылған. Тілдік білім мен дағдыларды мәтін арқылы меңгерту, мәтін мазмұны бойынша ой қорыту, талдау, салыстыру тапсырмалары бірнеше тәсілдер арқылы берілген. Ұсынылған тапсырмаларды оқу сауаттылығына дайындық барысында, оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін қолдануға болады.
Оқу-әдістемелік құрал қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен оқушыларға пайдалану үшін ұсынылады.